Табиғат ананы қорғауды баланың санасына сіңіріп тәрбиелеу болашақ
Табиғат ананы қорғауды,аялап баптауды баланың санасына сіңдіріп тәрбиелеу болашақ үшін ғұмырлы бастама. Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру мақсатында әдіснамалық және әдістемелік негіздеу қолға алынған. Тақырыпқа орай Алматы қаласы Алатау ауданындағы №31 балабақшада семинар өтті.