15 наурыз 2024 жылы "Қайырымдылық күні" » КГКП "Ясли-сад №31". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№31 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 247-42-32
Әдіскер телефоны:
+7(727) 247-45-12
Версия
для слабовидящих
» » » 15 наурыз 2024 жылы "Қайырымдылық күні"
15
март
2024

15 наурыз 2024 жылы "Қайырымдылық күні"

15 наурыз 2024 жылы "Қайырымдылық күні" қарсаңында КМҚК "#31 бөбекжай-балабақшасы" меңгерушісі Бахтиева Айнур Юсуповна және ұжым бірлесіп "Қарты бар үйдің қазынасы бар" демекші Қарттар үйіне баруды жөн көрдік.
Басшы бастап, ұжым қолдап азынаулық қаржыны өз еріктерімізбен жинап ата-апаларға арнап тәтті тағамдар мен сыйлықтарды апардық.
Дана халқымыз «Қарты бар үйдің  қазынасы бар», – деп әрбір шаңырақтағы қарт кісілерді баға жетпес байлыққа теңеген. 
Біз барған Қарттар үйі өкінішке орай қарттарға толы екен. Көзге еріксіз жас келеді.
Орталық қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарым жоқ, қарттар үйінің басшысы өте мейірімді жан екен. Қызметкерлері де өз жұмыстарын, адал атқаратына өз басым тәнті болдым. Әр бір апа-атаға сыпайылық танытып, мейірімін шашуда.
КМҚК "#31 бөбекжай-балабақшасы музыка жетекшілері ата-апаларға арнап ән шашу тарту етті. Екі сағаттың өткенін байқамай да қалдық.
Ұлтымыздың қанына сіңген қасиеттердің ішінде ата-анаға деген құрмет пен ықылас ерекше екенін ұмытпайық. Әрбіріміз өз келешегіміз үшін мейірімді қоғам орнатайық, жылулық сыйлайық,  қарт­тарымызды құрметтейік.
https://www.instagram.com/reel/C4j4qWmobLE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​