14
март
2024
Көрісу күні 14 наурыз 2024 жылы
14 наурыз 2024 жылы елімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу күні.Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.Көрісу күнінде жасы кіші адам жасы үлкен адамның үйіне барып көрісіп шығады. Көрісе отырып, бір-біріне "Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!", "Жасың қайырлы болсын!" деп айту керек.
Көрісу күнінің рәсімі бойынша, ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер болса, құшақтасып, беттерінен сүйіп, көріседі.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын!
Осы орайда. КМҚК «Ясли-сад №31» меңгерушісі Бахтиева Айнур Юсуповна мен бірге бақша ұжымы сағат 8 ден бастап бақшаға келген әрбір баланы және ата-анасын қарсы алды. Балабақша тәрбиешілері балаларға ыстық бауырскақтан ұсынып тұрды. Бақша ұжымы балалар мен олардың ата-анасына көтеріңкі көңіл сыйлады.
https://www.instagram.com/tv/C4pQ_7pOWlF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==