26
апрель
2024
Ұлттық құндылық – ұлттық иммунитет!
Игі істі өзіңнен баста
Ұлттық құндылық – ұлттық иммунитет!
Ұлтымыздың көп ұлтты ел екендігін ескеретін болсақ, әлбетте Қазақстанда интернационализмнің жекелеген елдер үшін мәдени бостандығы өте мықты сақталған. Яғни, Қазақстанда әр ұлт өзінің ана тілінде еркін сөйлеп, өзінің ділімен, табиғи дінімен өмір сүруде. Дегенмен де қазақ елінің қадір-қасиетін құрметтеу тарихи елге деген құрмет. Сондықтан да өміршең, қайраткер патриотизм ұрығын қайдан аламыз дегенде, әлбетте оны балаға бүлдіршін шағынан сіңіруге міндеттіміз. Баланың ұлтжандылығы көзжұмбайлық жасауды көтермейді, керісінше бала оны сүйген сайын халықтар арасындағы жаулық болмайды, жекенің жалпыдан шығатынындай, жергілікті дәстүрді ұлттардың еріктілігімен жасалатын дүниеге айналдырып отыруымыз керек. Ұлттардың бір-бірімен жалпы байланысы да жергілікті халыққа, оның мәдениеті мен дәстүріне, таным-түсінігіне деген құрметтен бастау алады. Осындай азаматтық рухта 2024 жылдың 24-ші сәуірінде Алматы қаласының Алатау ауданындағы “КМҚК Ясли-сад №31” “Ұлттық құндылық – ұлттық иммунитет” тақырыбына байланысты технологияларды меңгеру семинарын практика жүзінде өткізді. Бұл семинардың бір ерекшелігі: айналада қоқыс болмауы керек, яғни барлық затқа екінші өмір сыйлау арқылы баланы еңбекқорлыққа, ұқыптылық пен үнемділікке баулу болса, баланың қол мен ми еңбегін қатар пайдалана отырып жасалатын бірнеше технологиялар ойластырылыпты. Оларды семинарға қатысушылар: Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен Әдістемелік бірлестік жетекшілері тегіс өз қолдарымен жасап көрді. “ШиПазл” технологиясы бойынша педагогтар: Умралиева К.Б., Джанибекова У.; ”Текемет басу” технологиясы бойынша педагогтар: Рахманова М.С., Кокажаева Н.; “Шашақ жасау” технологиясы бойынша педагогтар: Шакенова Н., Садбекова У.; Дәстүрден тыс “Құрғақ жүннен бұйым басу” технологиясы бойынша педагогтар: А.Кусаинова мен А.Еспулова шеберлік сабағын өткізсе, тренингті педагог-психолог – А.Орынбаева “Әр адам өз өмірінің сәулетшісі” тақырыбында мастер класс ретінде өткерді. Балалардың қатысуымен өткен концерттік іс-шараны педагог – А.Сахиева мен музыка жетекшілері: М.Мырзакметова мен С.А.Уашева өте көңілді етіп өткізді.
https://www.instagram.com/p/C6OivcEtrq7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==