Көрісу күні 14 наурыз 2024 жылы
14 наурыз 2024 жылы елімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу күні.Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.Көрісу күнінде жасы кіші адам жасы үлкен адамның үйіне барып көрісіп шығады. Көрісе отырып, бір-біріне "Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!", "Жасың қайырлы болсын!" деп айту керек. Көрісу күнінің