ҚР Оқу -ағарту министірлігінің №372 бұйрығы.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №372 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға ваучерлік қаржыландыружүйесі енгізіледі.
1. Неліктен кезек өзгерді?
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №372 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастапАлматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға ваучерлік қаржыландыру жүйесіенгізіледі.
Бұл өзгеріс ата-аналарға өз қалауынша балабақша таңдауға мүмкіндік беру және орындарды бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
2. Енді кезекті қайдан көруге және қабылдауға құжат тапсыруға болады?
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық әрекеттер — өтініш беру, ваучер алу, балабақша таңдау және баланы қабылдау — Balabaqsha SmartNation порталы арқылы жүзеге асырылады (balabaqsha.smartnation.kz).
3. Егер мен BilimAlmaty арқылы жолдама алып қойған болсам, не істеуім керек?
Егер сіз 1 шілдеге дейін жолдама алып үлгерсеңіз, құжаттарды рәсімдеу (шартқа қол қою, құжаттарды тапсыру) BilimAlmaty порталы арқылы ескі жүйе бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда ваучер алу үшін қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
4. Енді орындар қай күндері ашылады? Ваучерді «ұстап қалу» керек пе?
Жаңа жүйеде орындарды «қадағалап отыру» немесе белгілі бір күндері «ұстап қалудың» қажеті жоқ.
Ваучерлер автоматты түрде, кезек реттілігімен және жеңілдік санаттарына сәйкес беріледі.
5. Менің бұрынғы кезегім сақтала ма?
Иә, бұрын берілген барлық өтініштер сақталады.
Кезек автоматты түрде ваучерлік жүйеге ауыстырылады. Балалар заңнамада қарастырылған 21 санат бойынша бөлініп, ваучерлер кезек тәртібімен беріледі.
6. Егер бала балабақшаға барып жүрсе, ваучер алу үшін күту керек пе?
Жоқ, қажет емес. 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін балабақшаға барып жүрген, жасы сәйкес келетін және белсенді өтініші бар барлық балалар автоматты түрде ваучер иелері болып танылады.
Ата-аналардан ешқандай қосымша әрекет талап етілмейді — жүйе баланы автоматты түрде ваучер иесі ретінде тіркейді.
7. Ваучерді қашан және қалай аламын?
Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін, кезегіңіз келген кезде сізге СМС-хабарлама келеді.
Содан кейін порталға кіріп, ваучерді белсендіруге болады.
Хабарламаны уақытылы алу үшін eGov.kz порталындағы телефон нөміріңізді алдын ала тексеріп, жаңартып қойыңыз.